РУС

“НСК” АҚ компаниясы "Бәйтерек" пойызы жолаушыларының денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеуге дайын

Құрметті "НСК" АҚ сақтандыру компаниясының серіктестері мен клиенттері! 

17 маусымда сағ.13:25-те Жамбыл облысында Астана – Алматы бағытындағы "Байтерек" пойызының жолдан шығып кеткені белгілі. 

"НСК" АҚ компаниясы ҚР “Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы” Заңына сәйкес, апаттан зардап шеккен барлық жолаушыларға “НСК” АҚ компаниясы жолаушылардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеуге әзір екендігін хабарлайды. Сақтандыру төлемдері жолаушыларға ең ықшам мерзімде -барлық қажетті құжаттар тапсырылғаннан кейін 4 күн ішінде берілетін болады. 

Сақтандыру өтемін алу жөнінде толығырақ ақпарат алу үшін зардап шегушілер бас кеңседегі “Төлемдерге қызмет көрсету орталығына” келуге (мекенжайы: Алматы қаласы,  Алмагүл шағын ауданы, 15 “А”) немесе +7 727 258 18 00 телефоны, қосымша нөмірлер бойынша келесі арнайы бөлінген мамандармен хабарласуға болады: 

Мамутова Надира, ішкі нөмірі - 1340
Салембаева Марал, ішкі нөмірі - 1337
Сапаров Өскен, ішкі нөмірі - 1338 

Зардап шегушілер сонымен қатар сақтандыру өтемін алу үшін қажетті құжаттар жиынтығын Қазақстанның кез-келген қаласында тапсыра алады. 

Біздің барлық зардап шеккен жолаушылардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз, қайтыс болған жолаушылардың отбасылары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. “НСК” АҚ сақтандыру компаниясының ұжымы мен Басқарма төрағасы Альжанов Жарқын келесі байланыс құралдары арқылы Сіздердің кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайын: info@nsk.kz және alzhanov@nsk.kz.