НСК 2014 жылдың 6 айында 1,6 млрд. теңгеден астам төлем жасады.
Компания жүктерді сақтандыру және авиаКАСКО төлемдерінің мөлшері жөнінен бірінші орынға тұрды.
Компания жүктерді сақтандыру және авиаКАСКО төлемдерінің мөлшері жөнінен бірінші орынға тұрды.
2014 жылы алты айдың қорытындысы бойынша «НСК» АҚ өзінің клиенттеріне 1,68 млрд. теңге сақтандыру төлемдерін жасады. Компания жүктерді сақтандыру және авиаКАСКО төлемдерінің мөлшері жөнінен бірінші орынға тұрды.
Төлемдердің ең ірі мөлшеріәдеттегідей көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ МС) үлесінде— 640 млн. теңге. Жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша— 337 млн. теңге. Барлығы міндетті сақтандыру түрлері бойынша компания 988 млн. теңге төледі.
Мүлікті ерікті сақтандыру бойынша 370 млн. теңге төленген. Соның ішінде КАСКО бойынша автокөлік иелеріне сақтандыру өтемақысы ретінде 180 млн. теңге төленді.
Авиа-КАСКО бойынша 125 млн. теңге, жүктерді сақтандыру бойынша 31 млн. теңге төленді. Осы көрсеткіштерімен "НСК" нарықта бірінші орынға шықты.
Халықты медициналық сақтандыру және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары бойынша 324 млн. теңге төленді.
2014 жылдың бірінші жартыжылдығында сақтандыру жарналарының түсімі 6,4 млрд теңгені құрады.Жарналардың ең үлкен көлемі — 1,5 млрд. теңгені құрап, ол көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ МС) арқылы қамтамасыз етілді. Жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша 1,3 млрд. теңге жиналды.
Мүлік тәуекелдерін сақтандыру бойынша сақтандыру алымдары 2,7 млрд. теңге, соның ішінде КАСКО бойынша 388 млн. теңге, қаржы зияндарын сақтандыру бойынша — 218, 6 млн. теңге, жүктерді сақтандыру бойынша— 125 млн. теңге құрады.
Халықты медициналық сақтандыру және жазатайым оқиғалардан сақтандыру жарналары 697 млн. теңге