Сенімді жігіттер, оларға иек артуға болады.
Иә, біздің жігіттер –НСК авариялық комиссарлары туралы көптеген клиенттеріміз осындай пікір қалдырып жатады. Клиенттеріміз тап болған әр ЖКО кейін біз лайықты сервис ұсынылғанына, барлық іс-шаралардың жайлы өткеніне көз жеткізу үшін сақтандырылушылармен кері байланысқа шығамыз. Авариялық комиссарлар клиенттерге ұнап, олардың алғыс-ризашылығына бөленіп жатады. Өйткені сақтандыру жағдайы орын алғанда, олар ЖКО орнына бірінші болып, тіпті көбінесе полиция қызметкерлерінен бұрын келеді.
Қазақстанның қаласында НСК сақтандыру компаниясының командасында авариялық комиссарлар жұмыс жасайды. Шағын қалаларда бір ғана өкіл болса, ірі мегаполистерде олардың саны 10 адамға дейін жетуі мүмкін, олар тәулік бойы сіздің мүддеңізді қорғап, қай жерде болсаңыз да, жаныңызға жедел жетуге әзір. Комиссариат қызметкерлері жағдайды дұрыс пайымдап, әрі қарай әрекет ету жолын сілтеп, барлық тиісті құжаттарды дұрыс және ыңғайлы толтыруға кеңес береді, моральдық дем беріп, қажет болған жағдайда, алғашқы медициналық көмекті де көрсетеді. Барлық комиссарлар арнаулы медициналық даярлықтан өткен.