РУС

«НСК» «Астана» футбол клубын 375 млн. теңгеге сақтандырды.

Медициналық сақтандыру шарты емдеуге және емдеу барысында қажет болатын медициналық дәрмектерге жұмсалған шығындарды жабады. Медсақтандыру кеңейтілген тізім бойынша төтенше медициналық көмек алу мүмкіндігін ұсынады, әсіресе бұл футболшылар үшін керек-ақ.

Жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарты бойынша негізгі құрамның 27 ойыншысы әр футболшыға 10 млн. теңге мөлшерінде кеңейтілген сақтандыру лимитімен қамтамасыз етілді.

«2014 жылғы футбол маусымында біздің клуб өз алдына Чемпионат медальдарына, Қазақстан Кубогына қол жеткізуді, сондай-ақ Еуропа Лигасында лайықты өнер көрсетуді мақсат тұтады. „НСК“ командасы біздің сенімді сақтандырушы серіктесімізге айналды, оның ұсынатын сақтандыру қорғанышы мен медициналық қызметтері басқа нәрселерге алаңдамай, ойынға берілуге мүмкіндік береді», дейді Қайсар Бекенов, «Астана» футбол клубының президенті.

Сонымен қатар барлық сақтандырылған қызметкерлер отбасылық дәрігердің қызметтерін алып, үйден емделіп, сондай-ақ "НСК" АҚ бүкіл Қазақстан бойынша серіктестері саналатын 400-ден астам емхана мен медициналық ұйымдарда медициналық зерттеу мен диагностикалардан өте алады.

«Біз екінші жыл қатарынан „Астана“ ФК ресми сақтандырушы серіктесі мәртебесіне ие болғанымызды растадық. „НСК“ үшін бұл абыройлы және жауапты іс, медициналық сақтандыру саласындағы жоғары сапалы сақтандыру қызметтерін көрсетуге әрдайым әзірміз», — деп жариялады Ержан Балабеков, «НСК» АҚ Басқарушы директоры.

«Астана» ФК (www.fca.kz)

«Астана» футбол клубы 2009 жылы құрылды. Команда Қазақстанның Премьер-Лигасында ойнайды. Жетістіктері: Қазақстан Кубогы (2010, 2012 жж.), Қазақстан Суперкубогы (2011 ж.), Қазақстан Чемпионатының Күміс жүлдегері (2013 ж.)

2014 жылы маусымда 12 ойыннан соң  команда 22 ұпаймен екінші орынға жайғасты.