РУС

Серіктестер мен клиенттерге үндеу

НСК" АҚ сақтандыру компаниясы өзінің жауапкершілігіне алған міндеттемелерін абыроймен орындап, сапалы сервис құруға ұмтылады.
 
"Құрметті "НСК" АҚ сақтандыру компаниясының серіктестері мен клиенттері! Сіздерге 22 жыл бойы сақтандыру және қайта сақтандыру саласындағы біздің тәжірибеміз бен құзыретімізге деген сенімдеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге акционерлік қоғамға 2010 жылдың 29 желтоқсанында ҚР қаржы нарығының реттеушісі болып саналатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі -ҚР ҰБ) Басқармасының №2.1.10 қаулысының негізінде берілген сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияның 3 ай мерзімге уақытша тоқтатылғанын хабарлауға мәжбүрміз. Лицензияның әрекеті 03.03.2018 ж.бастап пруденциялық норматив талаптары мен ҚР заңнамасында белгіленген өзге де сақталуға тиісті нормалар мен лимиттер талаптарының орындалмауы түріндегі заң бұзушылықтарға байланысты уақытша тоқтатылған болып саналады. "НСК" АҚ лицензияның уақытша тоқтатылған мерзімі аяқталғанға дейін жаңа сақтандыру шарттарын жасауға, соның ішінде қолданыстағы сақтандыру шарттарын ұзартуға және оларды өзгертуге, сондай-ақ міндетті сақтандыру түрлері бойынша сақтандыру агенттері ретінде сақтандырушылық делдалдықты жүзеге асыруға тыйым салынады», —делінген хабарламада.
 
Лицензия 03.06.2018 ж. бастап қайтадан күшіне енетін болады. 2018 жылдың 3 наурызына дейін жасалған сақтандыру шарттары бойынша "НСК" АҚ қабылданған міндеттемелерді орындауға және сатылғаннан кейін толықтай жөнемелеуге кепілдік береді.
 
"Біз өзіміздің сақтанушыларымыз бен серіктестерімізді тарихи дәстүрмен қалыптасқан сапа және жауапкершіліктің шынайы үлгісін ұстана отырып, 19 ерікті сақтандыру класы бойынша толыққанды қызметімізді жалғастыра беретіндігімізге сендіреміз. Қазақстанның әр қаласындағы филиалдарымыз бізге клиенттеріміз бен серіктестеріміздің үнемі жанында болуға мүмкіндік береді. Біздің беделіміз адал төленген сақтандыру төлемдерінен және тәуелсіз халықаралық сарапшылардың жоғары бағаларынан құралады, 2017 жылдың 19 маусымында «НСК» сақтандыру компаниясының сенімділік рейтингі Standard&Poor's нұсқасы бойынша тұрақты болжам «В+» деңгейінде расталды.
 
1996 жылдан бері НСК жеке тұлғаларға және экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпорындарға арналған сақтандырудың қарапайым және қолайлы өнімдерін жасақтауда. Міндетті сақтандыру шарттарын жасаудың уақытша қолайсыздығын біз ерікті сақтандыру өнімдері бойынша сапаны жақсарту және жаңа сервистерді құру арқылы білдіртпеуге тырысатын боламыз.
 
Біздің ұжым мен Басқарма Төрағасы Альжанов Жарқын келесі байланыс құралдары арқылы Сіздердің кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайын: alzhanov@nsk.kz, info@nsk.kz.