Жыл басынан бері «НСК» өз клиенттеріне 700 млн. теңгеден астам төлем жасады.
Жыл басынан бері «НСК» өз клиенттеріне 700 млн. теңгеден астам төлем жасады.
Төлемдердің ең көбі көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ МС) үлесінде — 1003 сақтандыру жағдайының сомасы 316,2 млн. теңгеден асып кетті (2012 жылы — 272 млн. теңге). Төлемдер өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 16%-ға артты.
Медициналық сақтандыру (жазатайым жағдайлардан және аурулардан сақтандыру) бойынша "НСК" өз клиенттеріне 4478 сақтандыру жағдайы бойынша 159 млн. теңге төлеген.
Мүлікті сақтандырудың ерікті түрлері бойынша компания 143 млн. теңге төлеген, соның ішінде автокөлікті сақтандыру (КАСКО) бойынша төлемдер 30%-ға ұлғайып, 345 сақтандыру жағдайы бойынша 86,6 млн. теңгеге өскен (2012 жылы — 66,2 млн. теңге).
«НСК» АҚ сақтандыру жарналарының түсімі 2014 жылдың үш айында 3,7 млрд. теңгені құраған, бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 15%-ға артқан.
Мүлікті сақтандыру және автоКАСКО — нарықтың басты бағыттауыштары. Сақтандыру жарналарының көп бөлігі мүлікті ерікті сақтандыру үлесіне келді. Бұл жерде компания көрсеткіштің 49%-ға 1,88 млрд. теңгеге дейін өскенін көрсеткен (2013 жылдың 1-тоқсанында — 1,26 млрд. теңге). Соның ішінде көлікті сақтандыру (КАСКО) бойынша алымдар 5%-ға артып, 170 млн. теңге құрады.
«Компания сыйақыларының құрылымындағы өзгерістер, біздің пікірімізше, жалпы қазақстандық нарықтың эволюциясын көрсетеді. Біз сақтандырудың ерікті түрлерінің үлесінің ұлғайғанын байқаймыз. Әсіресе бұл тренд автосақтандыруда ірі корпоративтік клиенттер мен жеке тұлғаларды сақтандыруда орныққаны байқалады. Компания нарықта жеке тұлғалар үшін де, корпоративтік клиенттер үшін де сақтандырудың ерікті түрлерін әрі қарай дамытып, ілгерілетуді жоспарлады», — деп түсіндірді қызмет нәтижелерін "НСК" АҚ Басқармасының Төрағасы Жарқын Альжанов.
Медициналық сақтандыру (жазатайым жағдайлардан және аурулардан сақтандыру) бойынша компанияның есептік мерзімдегі сыйақылары 53%-ға 347,3 млн. теңгеге дейін қысқарған.
Міндетті сақтандыруда сыйақылардың тұрақты өсуі байқалады. Міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру жарналары 47%-ға 1,47 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (2013 жылдың 1-тоқсанында — 1 млрд. теңге). Соның ішінде еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыскерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру алымдары бойынша — 767 млн. теңге. Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру (КҚИ АҚЖ МС) бойынша алымдар 9%-ға 641 млн. теңгеге азайды.