«НСК» СК: АН-72 ұшағының Шымкент түбінде құлау себептері әлі де болса анықталмаған
«НСК» СК: АН-72 ұшағының Шымкент түбінде құлау себептері әлі де болса анықталмаған
7 сәуірде ҚР ҰҚК Бас әскери прокуратурасы 2012 жылы желтоқсан айында АН-72 ұшағының құлау фактісі бойынша "НСК" АҚ және ҚР Шекара Қызметі арасындағы шарттық міндеттемелердің орындалу барысын тексеру және "НСК" АҚ-нан 18 млн. теңге сақтандыру төлемдерін өндіру туралы хабарлады.
Осыған байланысты "НСК" компаниясы жауапты сақтандыру компаниясы ретінде жарты миллион жеке тұлға және он сегіз мың заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерін сезіне отырып, осы әуе апатын тергеу және оған кінәлі тұлғаларды анықтау жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірмелер беруді қажет санайды.
Біріншіден, "НСК" АҚ мәлімдеуінше, Бас әскери прокуратураның ресми пресс-релизіндегі "өндіру" туралы ақпарат шынайы емес. Қазіргі кезде апаттың барлық себептері мен мән-жайларын тергеу аяқталған жоқ, демек, компанияның соттың ресми шешімін күтуге толық құқығы бар. Дегенмен, "НСК" АҚ, әуе апатының қайғылы мән-жайларын, Шекара қызметінің жоғарғы командалық құрамының қаза табуын ескере отырып, өз бастамасы бойынша 13,4 млн теңгені ескергенде, сақтандырылған ұшақтың құнын өтеуді -іс жүзінде 121 млн. теңге төлеуді бастады. 18,1 млн. теңге мөлшеріндегі бірінші транш ҚР Шекара Қызметінің шотына наурыз айында аударылған болатын.
«Төлем жасалудың басталуын еркін ізгілік қадамы деп түсінуге болады. Өйткені әлі күнге дейін ҚР ҰҚК Шекара Қызметі сақтандыру жағдайын реттеуге тікелей қатысы бар құжаттарды ұсынған жоқ: ұшу және техникалық қорытындылары, әуе кемесінің құжаттамасы, сондай-ақ құлау себептерін және осы оқиғаға кінәлі тұлғаларды анықтау жөніндегі процестік шешім (сот үкімі). Оларсыз біз сақтандыру төлемдері туралы түпкілікті шешім қабылдауға, сонымен бірге сақтандыру жағдайы деп тануға құқылы емеспіз», —деді
"НСК" АҚ Басқарма Төрағасы Жарқын Альжанов.
Шарт тармақтары бойынша ҚР ҰҚК Шекара Қызметі сақтандырушының апат себептері мен мән-жайларын анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиісті. "НСК" АҚ Шекара Қызметіне сақтандыру төлемдерін төлеуді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды ұсыну жөнінде бірнеше рет сұрау салған болатын.
Сондай-ақ "НСК" АҚ әуе кемесін сақтандыру шарты бойынша апаттың себептері мен мән-жайларын анықтау үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы. "НСК" АҚ 2014 жылдың 20 наурызында Шекара Қызметіне әуе апаттарын тергеу жөнінде тәжірибесі бар тәуелсіз бағалау компаниясы мамандарына сарапшылардың апат себептері туралы қорытындыларымен танысуына рұқсат беруді сұрап жүгінген болатын. Бұл өтініш әлі күнге дейін қаралуда.
Сондай-ақ қайтыс болған 19 экипаж мүшелері мен жолаушылардың жанұяларына төленетін сақтандыру өтемақыларын есептеу үшін көмек алушылардың құжаттарының толық жиынтығын алу қажет.
Тергеудің белгісіз нәтижелері
АН-72 құлаған сәттен бастап ҚР Бас прокуратурасы апат себептерінің бірнеше нұсқаларын ресми түрде жариялады: ұшақтың борт жабдықтарының жарамсыздығы, экипаж командирінің ұшақты басқарудағы қателері, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар. Қазіргі таңда сот органдары ресми түрде басқа нұсқаны қарастыруда: ұшу және әуе көлігін пайдалану ережелерінің бұзылуы. Шымкенттің Абай аудандық сотында «Қазаэронавигацияның» авиадиспетчеріне қатысты сот ісі қаралуда. Диспетчер өз кінәсін мойындамады.
"НСК" АҚ 18,1 млн. теңге өндіріп алу туралы хабарламаны сақтандыру компаниясына қысым жасауға және жан-жақты және объективті тергеу жүргізілмегендіктен төлемдерді алуға деген ұмтылысы деп түсінеді.
Дегенмен "НСК" АҚ өзінің көптеген клиенттерінің алдында жауапты сақтандырушы ретінде ҚР Шекара Қызметі және қаза тапқандардың туыстары алдындағы жасалған шарттар бойынша барлық міндеттемелерін орындауға, АН-72 әскери көлік ұшағы тап болған әуе апатының шынайы себебін анықтауға көмектесетін құжаттарға қол жеткізуге тырысуда.
Анықтама үшін:
ҚР ҰҚК Шекара Қызметінің АН-72 әскери көлік ұшағын "НСК" АҚ 2012 жылдың наурыз айында авиаКАСКО шарты бойынша сақтандырған болатын. Экипаж мүшелері мен жолаушылар үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандырылды. 2012 жылдың желтоқсан айында ұшақ Шымкенттен 20 шақырым жерде апатқа ұшырады.