«НСК» сақтандыру компаниясы ҰҚК Шекара Қызметіне құлаған АН-72 үшін 121 млн. теңге төледі.
«НСК» сақтандыру компаниясы ҰҚК Шекара Қызметіне құлаған АН-72 үшін 121 млн. теңге төледі.
Бұдан бұрын наурыздың басында "НСК" АҚ ҚР ҰҚК Шекара Қызметіне 18,1 млн.теңге мөлшерінде бірінші траншты жолдады. Сақтандыру өтемақысының жалпы сомасы 121 млн. теңгені құрады. Осылайша бүгінде «НСК» сақтандыру компаниясы Шекара Қызметі алдындағы жоғалған ұшақ құнын өтемдеуге қатысты өз мойнына алған міндеттемелерін толықтай орындады.
Сонымен бірге «НСК» АҚ сақтандыру оқиғасын реттеуге қатысты келесі құжаттарды күтуде: ұшу және техникалық құжаттамасы, сондай-ақ осы авиакатастрофаның мән-жайларын жан-жақты талдау үшін құлау себептері мен кінәлі тұлғалар туралы процестік шешім.