Тілек Альжанов: «Халық әлі сақтандырудың мағынасын терең түсінбейді».
НСК пайда болуы және оның сақтандыру бизнесіне келуі туралы
Мен банктердің бірінде Басқарма төрағасы болатынмын. Біздің сақтандыру нарығымызға риза болмайтын және сақтандыру компаниясын құруды ұсынған голландиялықтармен кездестім. Сол кезде 1996 жылы бізде нарықта 57 сақтандыру компаниясы болатын.
Содан кейін біз банкроттыққа дайындалып жатқан «Астық сақтандыру компаниясын» сатып алдық. Оны қалпына келтірдік. Бұл компанияның Көкшетау, Қостанай, Алматы және Астана қалаларында өте жақсы филиалдық желісі бар. Бір жылдан соң біз сол уақыт үшін ең жоғары пайда таптық, бірінші жылы ондаған капитал шамасында. Осыдан соң компания атауы «Мұнай сақтандыру компаниясы» болып өзгерді. Бір жылдан соң сыйақылар көлемі жөнінен елде екінші орынға табан тіредік, ал бастапқыда рейтингтің ең соңғы жолында тұрғанбыз. Ал тағы екі жылдан соң бірінші нөмірлі сақтандыру компаниясы атандық. Бүгінде НСК ретінде алға шықтық, сыйақылар бойынша нарықта бес көшбасшының біріміз, айта кететін жайт, ешқандай банкпен үлестес емеспіз. Өз бетімізбен жұмыс жасаймыз.