Қазақстанның ЖЖҚ-на түзетулер мен жаңа белгілер енгізілді.
Қағидалардағы өзгертулер 2017 жылдың 11 қарашасынан бастап күшіне енбек. Вагон-вагон өзгерістерді шағын арбаға сыйғызу қанша қиын болғанымен, біз жүргізушілер білуге тиісті нәрселердің ең бастыларын жинауға тырыстық.
Түзетулер Үкіметтің № 667 қаулысымен бекітілді (өткен аптада "Бұдырлар" белгісін талқылау толқынын көтеріп жіберген қаулы). ЖЖҚ-да айтарлықтай өзгерістер болған жоқ, ал кейбір тармақтар осыдан 10 жыл бұрынғы Қағидалардан қайтып алынды. Дегенмен оларда, біздің пікірімізше, жаңа маңызды сәттер пайда болды.
«Жалпы қағидалар» бөлімінде бірнеше ұғымдарды түсіндіру аясы кеңейіп, ескі терминдер түзетіліп, жаңа терминдер пайда болды.
Жаңа редакцияда "Басып озу" («Обгон») былай түсіндірілген: "Жүріп келе жатқан жолағынан шығумен және кейіннен бұрын жүріп келе жатқан жолағына қайта түсумен байланысты алдында жүріп келе жатқан бір немесе бірнеше көлік құралынан озып кету". Ағымдағы редакцияда басып озу мағынасы дәл сондай, алайда жолағына қайта түсу туралы айтылмаған болатын.
«Жол қиылысы» ұғымы өзгертілді: "Жол қиылысы ортасынан неғұрлым алыс, тиісінше қарама-қарсы жолдың жүру бөлігінің дөңгелене бастайтын жерлерін жалғап тұратын жорамалданған сызықтармен шектелген жолдардың бір деңгейде қиылысу, қосылу немесе тармақталу орны. Іргелес аумақтардан шығу, сондай-ақ олардың алдынан басымдық белгілері қойылмаған дала, орман, тұрғын аймақтарынан шығу және басқа да қосымша жолдармен қиылысу (қосылатын) орындары жол қиылысы болып саналмайды". Сонымен барлығы өз қалпына қайта келді. Осыдан 6 жыл бұрын ЖЖҚ-да осы тармақ дәл осылай түсіндірілген болатын. Ол өзгертілгеннен кейін белгілердің әрекет ету аумағын анықтауда, мысалы, авария жағдайында, бірқатар даулар туындаған болатын.
11 қарашадан бастап есте тұтатын жайт, шектеу, мысалы, жылдамдықты шектеу келесі жол қиылысына дейін әрекет ететін болады, ал ауладан шығатын жер жол қиылысы болып саналмайды.
Осы тақырыптың жалғасы ретінде Қағидаларда мүлдем жаңа ұғымдар пайда болды:
«Іргелес аумақ – жолға тікелей іргелес және көлік құралдарының тура жүруіне арналмаған аумақ. Іргелес аумақ бойымен жүру осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Озып шығу – көлік құралының бір бағытта, көрші жолақпен жүріп келе жатқан көлік құралының жүріс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен жүруі".
Права и обязанности
Сіз ҚР "Жол жүрісі туралы" Заңынан полиция қызметкері сіздің көлігіңізді тоқтатқан жағдайда "көлік құралына кідірмей жақын келуге, көлік құралын тоқтату себебін түсіндіруге, өзін таныстыруға және жүргізушінің талап етуі бойынша қызметтік куәлігін оған берместен танысу және тегі мен лауазымын анықтау үшін көрсетуге" міндетті екенін білесіз. Көлік құралы жүргізушісінің жол жүрісі қағидаларын бұзуы сертификатталған арнайы техникалық құралдармен және аспаптармен тіркелсе, жүргізушіге тиісті материалдарды танысу үшін көрсетуге міндетті". Енді осы міндет ЖЖҚ-да атап көрсетілді.
Сонымен бірге Қағидалардан жолаушыларға МАИ қызметкері рұқсат бергенше автокөлік салонынан шықпауды міндеттейтін даулы тармақ алып тасталынды (4-бөлімнің 1.1-тармағы).
Қалай жүру керек?
Бірнеше адамдардың қалтасын қағып, жүргізушілерді куәліксіз қалдырған тармақ ЖЖҚ-да толықтай сипатталып жазылды. "Көлік құралдарын жолдың жүру бөліктерінде орналастыру" 9-бөлімінің 2-тармағы келесі редакцияда баяндалды:
"Төрт немесе одан да көп жолағы бар екіжақты жүру жолдарында жолдың қарсы жүруге арналған жағына шығуға тыйым салынады Мұндай жолдарда солға бұрылуды немесе кері бұрылуды көше қиылыстарында және бұған Қағидалармен, белгілермен және (немесе) таңбамен тыйым салынбаған жерлерде орындауға болады". Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы 15 шілдеде бұл жағдайдағы бұрылу мен айналып бұрылу үшін бір жылға көлік жүргізу құқығынан айыру көзделген (ӘҚБтК 596-бабының 3-бөлігі).
«Маневр жасау» 8-бөлімі 13-тармақпен толықтырылды: Көлік құралының артқы жүріспен қозғалуына маневр қауіпсіз болған және қозғалысқа басқа да қатысушыларға кедергі жасамаған жағдайда рұқсат етіледі. Көше қиылыстарында және кері бұрылуға тыйым салынған жерлерде артқа жүруге тыйым салынады".
Қағидаларда тапсырыспен жұмыс жасайтын автобустар үшін жеңілдіктер пайда болды. Атап айтқанда, автобустар мен микроавтобустардың қалааралық, облысаралық, ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) және халықаралық қатынаста түнгі уақытта (23:00 бастап 06:00 дейін) жолаушыларды және багажды жүйесіз тасымалдауына тыйым салатын норма алынды.
Жарқылдауық маяктарды кім қолданады?
Көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесі кеңейтілді. 10 қарашадан бастап көк немесе қызыл түсті жарқылдауық маяктарды келесі көліктерге орнатуға болады:
- Экономикалық тергеу қызметінің жедел бөлімшелері;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жедел қызметтері;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фельдъегерлік қызметі.
Сонымен қатар түзетулерді жасақтаушылар тізбені қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталуға құқылы келесі көліктермен толықтырды:
- инкассация қызметтерінің мамандандырылған көлік құралдары құндылықтарды инкассациялау үшін маршрутқа шығар кезде;
- ұйымдасқан велосипедшілер топтарымен
Жоғарыдан түскен белгілер
Қазақстанда жаңа белгілер пайда болады, кейбіреулерінің мәндері түзетілген.
ЖЖҚ бұл бөлімі біршама өзгерістерге ұшырады.
4.1.2 "Оңға жүру" және 4.1.3 "Солға жүру" белгілері енді мынадай болады:
Жол учаскесінің басына орнатылатын 4.1.1 "Тура жүру" белгісінің әрекет ету аймағы нақтыланды: ол сондай-ақ келесі жол қиылысына дейін ғана қолданылады, бұл жағдайда белгі іргелес аумақтарға оңға бұрылуға тыйым салмайды.
"Тіркемесі бар көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады" белгісі сонымен бірге механикалық көлік құралдарын сүйретуге тыйым салады.
«Бұдырлар» айырым белгісі жүргізушінің қалауы бойынша орнатылады.
Жақында жолдарда жаңа ескерту белгілері пайда болуы мүмкін:
1.33 «Қауіпті жол жиегі». Қолданыстағы Қағидаларда осыған ұқсас мағынасы бар тақтайша бар және "Жол жұмыстары" белгісімен бірге қолданылады;
1.34 «Кептеліс». Үнемі кептеліс туындайтын жол учаскелерінің басына қойылатын белгі.
3.17.3 «Бақылау». Осыған ұқсас белгі (сервистік) бар, тек ол «Көліктік бақылау бекеті» деп аталады. Жаңа белгі бақылау бекеттері арқылы тоқтаусыз жүруге тыйым салатын болады.
«Ақпараттық-нұсқағыш белгілердің» қосымша белгілері пайда болды:
5.8.2а «Жолақ бойынша жүру бағыттары»;
5.8.3а «Әртүрлі жүру жолақтарындағы міндетті ең төменгі жылдамдық»;
5.8.4а «Жолақтың басталуы»;
5.8.8а «Жолақ бойынша жүру бағыттары»;
5.8.9 «Әртүрлі жүру жолақтарында қолданылатын жылдамдықты шектеу». Шеткі жолақтарында жылдамдық шектеу қойылған кең даңғылдарға арналған пайдалы белгі;
5.9.1 «Маршруттық көлік құралдарына арналған жолақтардың аяқталуы». Жалпы көлік ағынына қатарлас келе жатқан маршруттық көлік құралдары мен өзге қоғамдық көліктің ғана жүруіне арналған жолақ соңы.
5.22а «Елді мекеннің басталуы»;
5.23а «Елді мекеннің аяқталуы»;
5.40 «Ең жоғары жылдамдықты жалпы шектеулер»;
5.41 «Авариялық тоқтауға арналған алаң»;
5.42 «Фотобейнетіркеу». Бұл Қазақстанның әрбір көлік жүргізушісінің көптен күткен белгісі, өйткені ол Қағидаларды бұзуларды стационарлық сертификатталған арнайы техникалық құралмен және аспаппен тіркеу жүзеге асырады. Алайда оның «Крис-П» сияқты мобильді кешендерге қатысы жоқ.
"Сервис белгілері" атты бөлімге де өзгерістер енгізілді:
6.3а «Сұйытылған мұнай газындағы (СМГ) автожанармай құю станциясы»;
6.3б "Сығымдалған табиғи газдағы (СТГ) автожанармай құю станциясы";
6.14 «Полиция»;
6.15 "Жол жүрісі туралы ақпаратты беретін радиостанцияны қабылдау аймағы";
6.16 "Авариялық қызметтермен радиобайланыс аймағы";
6.17 "Бассейн немесе жағажай";
6.18 "Дәретхана".
"Қосымша ақпарат белгілері (тақтайшалар)" бөлімінде:
7.4.8а "Маршруттық көлік құралының түрі";
7.21.1 "Маршруттық көлік құралының түрі".
Айта кетер жайт, жаңартылған Қағидаларда жылдамдықты шектеу белгілерін қою туралы қызықты түсіндірме беріледі: "Бір-бірінен 100 метрден 150 метрге дейінгі арақашықтыққа алшақтатылған белгілерін жүйелі орнату арқылы 20 км/сағ. аспайтын қадаммен жылдамдықты сатылап шектеу қолданылады". Бұрын бұл жөнінде МЕМСТ-да жазылған болатын, енді мұны әдеттегі жүргізушілерге хабарлау қажет болды. Бұл талаптың пайда болуымен бірге бәрі 100 км/сағат жылдамдықпен жүріп келе жататын трассада "50" белгісі қойылмайтын шығар. Міндетті түрде алдымен — 80, 60 және содан соң 40 болуы тиіс. Алайда, жылдамдықты сатылап шектеу, егер белгілердің көрінуі кемінде 150 м құраса, 5.22 белгісімен белгіленген елді мекендер алдында қолданылмайды".
Автокөліктердің техникалық жай-күйі туралы
"Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелердің" кейбір бөлімдері де түзетілді.
Басты жаңалық: солардың салдарынан аэрографияға тыйым салатын норма алынып қалды.
ЖЖҚ бұл қосымшасында Жүргізуші орнынан көруді шектейтін (артқы көру айналарын, әйнек тазалағыштардың бөлшектерін, сыртқы және орнатылған немесе әйнекке салынған радиоантенналарды, желқағар әйнекті еріту және кептіру құрылғыларының қыздыру элементтерін қоспағанда) жол жүрісіне қатысушылардың жарақат алу қаупіне әкеп соғатын қосымша заттар орнатылған, механикалық көлік құралы кабинасының (салонының) алдыңғы және (немесе) алдыңғы бүйіріндегі әйнектеріне жабын жағылған немесе түрлі-түсті мөлдір пленкалар жапсырылған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынғаны нақтыланған.
Сонымен қатар мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерінің әріптік және цифрлық белгілерін жасыруға мүмкіндік беретін элементтер (құрылғылар) орнатылған көліктермен жолға шығуға тыйым салынған. Бұрын ЖЖҚ-да айлакер автокөлік иелеріне өздерінің өнертапқыштығын көрсетуге мүмкіндік беретін пердешелер туралы айтылған болатын.
Велосипедшілер үшін маңызды. Автокөлік иелері үшін де.
Бұл бұрыннан да белгілі нәрсе болатын, алайда ресми түрде осылай жазылды.
Велосипед жолы – велосипедтердің жүруіне арналған және тиісті белгімен белгіленген жеке жол немесе жолдың бір бөлігі. Велосипед жолы басқа жолдардан немесе нақ сол жолдың басқа элементтерінен конструктивтік түрде бөлінеді.
"Велосипед жүретін жолақ – жолдың жүру бөлігінің велосипедтер жүруге арналған жолағы. Велосипед жүретін жолақ жолдың басқа жүру бөлігінен ұзына бойындағы жол таңбасы және арнайы белгілер арқылы бөлінеді.
ЖЖҚ бойынша, мопедтерге аспалы қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік құралдары теңестіріледі. Бұрыннан белгілі анықтамаға соңына "соның ішінде электр қозғалтқышпен жабдықталған" деген сөздер қосылған.
Редакция атынан. Жалпы алғанда Қағидаларға енгізілген түзетулерді түбегейлі деп айтуға келмейді. Кейбіреулері құжаттың бұрынғы редакциясынан қайтып алынды (бұл қуантарлық жайт!), жаңалары да пайда болды. Бірақ олар да мардымды емес. Бұған екі жалпақ тұтас сызық арқылы бұрылу және кері айналу тармағы қосылмайды. ЖЖҚ-да әлі де дұрыс қаралмаған тұстары көп. Болашақта олар заң шығарушылардың назарына ілігеді деп сенеміз.
Ең басты ереже -Қағиданы бұзбау!
Жолыңыз болсын!
Источник: https://kolesa.kz