Гималайға шығу
Біздің әріптесіміз Жарқын Альжанов Гималайдың шыңын екінші рет бағындырды. Сәуір айында ол Жер жүйесінің ең биік нүктесіне жататын Лобуче (6119 м) тауына шыққан болатын. Непалдың алты мың метрдегі биіктігі алып әрі көз қарықтырардай әдемі.
Лобучеге шығу 2 аптаға созылды және ондағы ең ауыр кезең Кхумбу мұздығынан өту болды. Алайда көрген қиындықтардың бәрі артта қалып, таудың ұшар басынан Гималайдың сегіз мың биіктіктегі, соның ішінде Эвересттің естен тандырар сұлулығы қарсы алды.
Жарқын Қабыкенұлы - бұл сауатты басшы ғана емес, командасына жаңа серпін мен бағыт бере алатын абзал жан. Оның толассыз жаңашылдыққа ұмтылысы, табандылығы мен күш-жігері үлгі боларлықтай. Мұндай жарқын, жайдары адамдармен бірге жұмыс жасау бір ғанибет.