S&P «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-ның рейтингін «B+» және «kzBBB-» дейін көтерді.
2017 жылдың 19 маусымында S&P Global Ratings "Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ-ның контрагент кредиттік рейтингін және қаржылық тұрақтылық рейтингін «B»-дан «B+" дейін көтерді. Рейтингтің өзгеру болжамы — «Тұрақты». S&P сонымен бірге компания рейтингін ұлттық бағам бойынша «kzBB+" деңгейінен «kzBBB-" дейін жоғарылатты.
«НСК рейтингінің көтерілуі біз күткендегіден де жоғары болып шыққан компанияның 2016 жылғы операциялық қызметінің нәтижелерімен, сондай-ақ дивиденд төлемдерінің азаюымен байланысты болды, бұл түптің түбінде бізге НСК капитализациялау және пайдалылығына берілген бағаны "қанағаттанарлықтан" «адекватты (диапазонның төменгі сегменті)» деп өзгертуге себеп болды, — деп көрсетті агенттік өз пресс-релизінде.
S&P дерегінше, 2016 жылы аралас коэффициент (шығындылық және пайдалылық коэффициенттері) шамамен 91% құрады, бұл күтілген мәннен әлдеқайда төмен (110−115%). Компания 2015 жылы орын алған теңге девальвациясының зардаптарына ойдағыдай қарсы тұра білді. Сонымен бірге агенттік акционерлердің 2016 жыл қорытындысы бойынша дивиденд төлемдеріне қатысты талаптарының біршама қысқарғанын айтады. НСК 600 млн теңге (шамамен 1,7 млн евро) немесе тапқан пайдасының 50% шамасында төлеуі тиіс.
Дерек көзі: https://www.kursiv.kz/news/finansy/sp-povysil-rejtingi-ao-neftanaa-strahovaa-kompania-do-b-i-kzbbb/