РУС

S&P Мұнай сақтандыру компаниясының рейтингін көтерді

S&P Global Ratings "Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ-ның контрагент кредиттік рейтингін және қаржылық тұрақтылық рейтингін «B»-дан «B+" дейін көтерді. Рейтингтің өзгеру болжамы — «Тұрақты». Бұл жөнінде Kapital. kz Іскерлік ақпарат орталығына рейтинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. Сонымен бірге компания рейтингі ұлттық бағам бойынша «kzBB+" деңгейінен «kzBBB-" дейін жоғарылады.

"НСК рейтингінің көтерілуі біз күткендегіден де жоғары болып шыққан компанияның 2016 жылғы операциялық қызметінің нәтижелерімен, сондай-ақ дивиденд төлемдерінің азаюымен байланысты болды, бұл түптің түбінде НСК капитализациялау және пайдалылығына берілген бағаны "қанағаттанарлықтан" «адекватты (диапазонның төменгі сегменті)» деп өзгертуге себеп болды". Біздің ойымызша, 2016 жылы аралас коэффициент (шығындылық және пайдалылық коэффициенттері) шамамен 91% құрады, бұл күтілген мәннен әлдеқайда төмен (110−115%). Компания 2015 жылы орын алған теңге девальвациясының зардаптарына ойдағыдай қарсы тұра білді. Сонымен бірге акционерлердің 2016 жыл қорытындысы бойынша дивиденд төлемдеріне қатысты талаптарының біршама қысқарғанын айта кеткен жөн. НСК 600 млн теңге (шамамен 1,7 млн евро) немесе тапқан пайдасының 50% шамасында төлеуі тиіс" -деп жазады рейтинг агенттігі өз хабарламасында.

НСК —жазылған сақтандыру сыйақысы-брутто көлемі бойынша нарықтық үлесі 5% шамасын құрайтын сақтандыру компаниясы, бұл оның өмірді сақтандырудан өзге сақтандыру түрлерімен айналысатын елдегі 25 компанияның арасында 9-шы орынға тұрақтауын қамтамасыз етті.

НСК ағымдағы акционерлік құрылымы 2005 жылы қалыптастырылған, ол кезде компанияның 50% плюс 1 акциясын ресейлік ағайынды бизнесмендер —Сергей және Николай Саркисовтар (акциялардың 48,60% екіге тең бөлінде) және Андрей Савельев (1,5%) сатып алған болатын. Бұл бизнесмендер сонымен бірге "РЕСО" Тобының құрамындағы ресейлік ірі бөлшек саудадағы "СПАО «РЕСО Гарантия» сақтандыру компаниясының   акционерлері болып табылады. Тілек Альжанов қалған акциялардың 49,9%-ына ие және НСК Директорлар кеңесі төрағасының лауазымын атқарады.

Тұрақты» болжам талдаушылардың "таяудағы 12−18 айда НСК, ағымдағы бәсекелестік позициясын ұстай отырып, капитал жеткіліктілігі коэффициентін кемінде «адекватты (диапазонның төменгі сегменті)» капитализациялық бағаға сәйкес келетін деңгейде қолдауы тиіс" деген пікіріне сайып келеді.

Дерек көзі:https://kapital.kz/economic/60768/s-p-povysil-rejtingi-neftyanoj-strahovoj-kompanii.html