РУС

«НСК» АҚ 20-жылдығына арналған веложорық. Желге бетіңді тос!

Мұнай сақтандыру компаниясы веложорық арқылы өзінің 20-жылдық мерейтойын атап өтті.

Мұнай сақтандыру компаниясы веложорық арқылы өзінің 20-жылдық мерейтойын атап өтті.

Жүздеген ақтаулық велосипедшілер жексенбі таңында «НСК» АҚ мерейтойының құрметіне веложолға шықты. Веложорыққа әртүрлі жастағы адамдар шықты: мерейлі маршрутқа алты жастағы баладан бастап, «Виттевеен бос каспиан» голландиялық компаниясының 53 жастағы қызметкері аттанды. 

Ақтау тұрғыны Кристина ешқашан автокөлікке отырмайды, жұмысына тек велосипедпен барады екен. 

- Ақтауда мұндай шаралар өте сирек өтеді, НСК веложорық туралы ақпаратын естіп, велосипедшілер тобымен бірге серуендеп қайтуға болатынын білгенде мәз болдым. Ақтауда велосипед спортын сүйетін жандардың көбейіп келе жатқаны қуантады. НСК компаниясына адамдарға нағыз спорт мерекесін сыйлағаны үшін алғыс айтамыз. Барлық қызметкерлерді мерейтоймен құттықтап, компанияға әрі қарай көркею мен өркендеуді тілеймін, - деп тілегін жаудырды қала тұрғыны.

Кристинаның құрдасы Анатолий жастарға үлгі беру үшін және сақтандыру компаниясын мерекелерінде қолдау үшін  НСК шақыртуын бірден құп алған.
Веложорық қатысушыларын көктемнің келуімен құттықтаған Маңғыстау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рушания Елизарова өз сөзінде "НСК" веложорығынан облыста велоспортсүйер қауым үшін жаңа маусым басталғанын атап өтті. 
Осы шараға қатысу үшін Ақтауға арнайы ұшып келген "НСК" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Айдар Аукенов қатысушыларға сәт сапар тіледі.

- Ақтаумен қатар велосипед маусымы бүгін Қазақстанның оңтүстік астанасында да басталды. Біздің компания әрқашан "желге қарсы жүруден" қорықпайды, "педальдарды пәрменмен" баса отырып, жеңістіктер мен жеңістерге жетуге ұмтылады. Біз осы мейрам күні бізбен бірге атаулы күнімізді атап өтуге келген велосипед спортының әуесқойларын көргенімізге ризамыз. Бәріңізге сәт сапар, мәреден күтетін боламыз! – деп тіледі Айдар Аукенов.

Веложорық қатысушыларын "НСК" АҚ Ақтау филиалының басшысы Қожабай Қуат жылы сөздермен қарсылады.

- Біз мерейтойымыздың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығымен тұспа-тұс келгеніне бақыттымыз. Осындай өздеріңіз сияқты жастардың арқасында біздің еліміз ойдағыдай дамитынына сенімдіміз, - деді Қожабай Қуат.

15 шағын аудандағы «ОАЗИС» ТК-де (ХҚКО қасында) орналасқан "НСК" кеңсесі ғимаратының қасынан бастау алған веложорық қатысушылары Каспий теңізі жағалауымен 40 минут бойы жүрді.
Бірінші болып мәреге жобалаушы-инженер Ғибрат Ильясов жетті. Велосипед спортымен жас жігіт Алматыда жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде әуестенген. 

— Ақтаудың барша тұрғындарын велоспортпен айналысуға шақырамын, веложаттығудың денсаулық үшін де, қарым-қатынас үшін маңызы зор. "НСК" компаниясына веложорық ұйымдастырғаны үшін рақмет айтамын, шатаспасам, бұл біздің қаламызда веложорық өткізіп отырған бірінші компания, —деп алғысын жаудырды жеңімпаз.
Екінші болып мәреге Юрий Казаков келсе, мерейтой веложорығының қола жүлдесі Тимур Ястремскийге бұйырды.

Ұйымдастырушылар компанияның Ақтау қаласындағы филиалы атынан жүлдегерлерге кубоктар, медальдар мен грамоталар табыстады. Сонымен қатар грамоталармен және медальдармен ең жас және ең үлкен қатысушылар да марапатталды. Веложорықтың ресми бөлімінен соң жиналғандар сақтандыру компаниясының кеңсесінің жанына арнайы құрылған киіз үйде жайылған мерекелік дастарханнан дәм татты. Бұл шарадан бәрі де көтеріңкі, жайдары көңіл күймен тарасты.

Өзінің 20-жылдық мерейтойын сақтандыру компаниясы 10 сәуірде -веложорық өткен күні атап өтті. Бұл символдық стартқа НСК ең тамаша көрсеткіштермен келді. Мысалы, 2015 жылы Мұнай сақтандыру компаниясы өз клиенттеріне 5 млрд теңгеден астам ақша төлеген, бұл Қазақстанның сақтандыру компанияларының арасындағы рекордтық көрсеткіш. Бұл цифрлардың артында, Айдар Аукеновтің айтуынша, клиенттерге деген зор қамқорлықтың лебі сезіледі.

- Бұл сезім бізді клиенттер үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға ұмтылдырады. Өткен жылы НСК Sphera испаниялық компаниясымен бірге «Сфера здоровья» жаңа бірегей өнімін жарыққа шығарды. Енді еліміздің әр тұрғыны өзінің қаржылық жай-күйіне қарамастан, шетелдік медицинаға және әлемнің үздік дәрігерлерінің қабылдауына қол жеткізе алады, - деп айтты Айдар Аукенов.

Осылайша, «НСК» АҚ өзінің отандастарының денсаулығын қамқорлауды өз міндетіне алады. Мұның дәлелі ретінде НСК Ақтау филиалында ұйымдастырылған және велосипедшілер үшін нағыз мерекеге айналған мерейтойлық веложорықты айта кетуге болады.

Дерек көзі: https://www.lada.kz/company_news/37661-navstrechu-vetru.html