Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру ҚР «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың объектісі – тасымалдаушының Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен орнатылған, тасымалдау барысында жолаушылардың өмірі, денсаулығы мен (немесе) мүлкіне келтірілген залалды өтеу міндетімен байланысты мүліктік мүддесі.
Тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру Шартын жасаспаған тасымалдаушының жолаушылар тасымалдауына жол берілмейді.
Сақтандыру тәуекелдері
Тасымалдау кезінде жолаушылардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу бойынша тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің басталу фактісі тасымалдаушының жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру жағдайы деп танылады.
Жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянға оның қайтыс болуына, еңбекке қабілеттілігін уақытша немесе тұрақты жоғалтуына байланысты зиянның материалдық көрінісі жатады.
Жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян жолаушының тасымалдаушы тасымалдауға қабылдап алған және (немесе) жолаушының жанындағы (қолындағы), тасымалдау кезінде жоғалған, жетіспеген немесе зақымдалған (бүлінген) мүлкінің (багаж) құнын қамтиды.