«Еуропротокол» - 2570 мәселелері бойынша байланыс орталығының қысқа нөмірі іске қосылды

Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры қоңырау шалудың қысқа нөмірін іске қосты. Енді «Еуропротокол» қосымшасын пайдаланушылар бірыңғай 2570 нөмірін теріп, ұялы телефон арқылы кеңес ала алады. Қоңырау шалу тегін және Қазақстан Республикасының кез келген ұялы байланыс операторларының телефон нөмірлерінен қолжетімді. 2570 қысқа нөмірі +7 (727) 339 31 88 сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру Қорының Байланыс орталығының негізгі нөмірімен қатар жұмыс істейді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда сақтандырудағы жаңа сервис - Еуропротокол іске қосылды. «Еуропротокол» жол полициясын шақырмай ЖКО-ны рәсімдеуге және сақтандыру компаниясынан өтемақы алуға мүмкіндік береді. Оны пайдалану үшін App Store және Google Play-ден мобильді қосымшаны тегін жүктеп алу жеткілікті. Ол арқылы Қазақстан Республикасының резидент еместерін қоса алғанда, жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға да сақтандыру жағдайын ресімдеуге болады.