РУС

НСК командасы Go Viral 2018 фестиваліне қатысты

15-18 маусым аралығында Алматыда АҚШ Дипломатиялық миссиясының қолдауымен екінші Go Viral 2018 фестивалі өтті. Go Viral фестивалінің бұл жылғы тақырыбы «Interlaced: Бізді біріктіретін инновациялар, өзара әрекеттесу және шабыттану". Медиа, бизнес, мәдениет және технологиялар саласындағы жетекші көшбасшылар индустриядағы инновациялар мен жаңа трендтер туралы әңгімелеп, шеберлік сыныптарын өткізіп, өздерінің идеяларын ортаға салды. 
Шараның аясында қызықты контент құру, әлеуметтік өзгерістер үшін сторителлинг пайдалану, Орталық Азия аймағының техникалық инвесторлар үшін тартымдылығы, озық технологиялардың өнерге ықпалы, тағы басқа осындай мәселелер талқыланды. 

Біздің ойымызша, мұндай фестивальдерді жүргізудің маңызы өте зор, олар жас кәсіпкерлер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді, жас ақыл иелері үшін нетворкинг дамыту мүмкіндіктерін ұсынады, құнды ақпаратқа қол жеткізу шеңберін кеңейтеді. Сонымен қатар шабыт алудың шарайнасы десек те болады! Мұндай сипаттағы шаралар "қалауын тапса қар жанатынын" көрсетеді, ал спикерлер әр істе де оңтайлы тәсілдемені табуға үйретеді. Мұндай фестивальдерден қалыс қалмаңыздар.