Бізді Рио Олимпиадасының жарық жұлдызы Жазира Жаппарқұл таңдады
«НСК» -Қазақстанның сақтандыру нарығында тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың бірі. 20 жыл қатарынан жүздеген адамдар "НСК" қамқорлығына мүлкін сеніп тапсырып, біздің персоналдың елгезектігі мен еңбекқорлығына, жоғары деңгейдегі сервисі мен клиентке деген ерекше құрметіне тәнті болып жүр.
Осы жылы "НСК" компаниясы клиенттерінің қатарын Рио Олимпиадасының жұлдызы, ауыр атлетикадан күміс жүлдегер Жазира Жаппарқұл толықтырды. Жазира өзінің автокөлігін "НСК" арқылы сақтандырды. Компаниямыздың Шымкент қаласындағы кеңсесінің қызметкерлері Жазираны құрметті қонақ ретінде қарсылап алды. Жазира Жаппарқұлдың айтуынша, сақтандыру компаниясын таңдау кезінде ол оның жоғары рейтингі мен клиенттердің пікірлеріне сүйенген, сонымен қатар клиенттермен жұмыс тәсілдемесіне риза болған.
- Бүгінде автокөлік көптеген қазақстандықтар үшін діттеген жеріне тез жету құралы болып саналады, сондықтан әрқашан жүріп тұруы тиіс, - деп ой бөліседі Жазира Жаппарқұл. –Мен ұзақ уақыт бойы тек ілгері дамып келе жатқан компанияға өз автокөлігімді сеніп тапсыруды ұйғардым. Сондықтан менің таңдауым – «НСК» компаниясы!
Компанияның Шымкент қ.кеңсесінің қызметкерлері болашағы зор спортшы қызды шын жүректен құттықтап, оған КҚИ АҚЖ МС полисін салтанатты түрде табыстап, естелік суретке түсті.
- Әрине, клиенттердің компанияға сеніп, оның тұрақтылығы мен сервисінің ең озық стандарттарға сәйкестігін бағалайтындығы бізді қатты қуантады, - деді Шымкент қаласындағы филиалдың директоры Битемиров Жігер. – Біз Жазира Жаппарқұлға біздің компанияға артқан сенімі үшін ризамыз!