РУС

Сақтандыру жағдайы бойынша материалдарды жинақтау үшін азаматтардың әрекет ету тәртібі (8 жолаушы вагонының жолдан шығып кетуі)

17.06.2018ж. Шығанақ – Шу бағыты бойынша жол учаскесінде «Астана Нұрлы Жол – Алматы-1» пойызының 8 жолаушы вагоны  Жиделі-Бірлік жол аралығындағы ПК7 1500-ші шақырымда жолдан шығып кетті.

Бұл оқиғада тасымалдаушы "Жолаушылар тасымалы" АҚ болатын. Сақтандыру шартына1 сәйкес жолаушыларға келтірілген зиян үшін жауапкершілік «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-да сақтандырылған. 

Осыған байланысты жол апатында зардап шеккен сақтандырылған азаматтардың әрекеттерін үйлестіру үшін сақтандыру жағдайы бойынша материалдарды қалыптастыру, реттеу тәртібін төменде келтіріп отырмыз. Төменде келтірілген әрекет ету тәртібі Сақтандыру шартын жасау кезінде басшылыққа алынған Заңға2 сәйкес және оқыс оқиғаны реттеумен байланысты жағдаяттық факторларға сүйеніп ұсынылды:
   
1. Тасымалдаушы құрған көліктегі сақтандыру жағдайы туралы акт алу үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на жүгіну.
Сонымен бірге мәліметтердің толықтығы үшін сақтандыру жағдайы туралы актіге жоғалған заттар
(сөмке, чемодан, портфель, т.б.) толық сипатталған өтініш жалғау қажет. Сипаттамада келесі мәліметтер болуы тиіс: жуықтатылған габариттер; модельдің атауы, өндіруші ел (егер белгілі болса); түр-түсі, құлыптау құрылғыларының болуы; сыртқы тұрпаты, өзге де айырым белгілері.
-ішіндегі заттар (мысалға): 
майка «бренд атауы», өндіруші ел, егер белгілі болса– құны; 
туфли «бренд атауы», өндіруші ел, егер белгілі болса– құны; 
техника «моделі», маркасы, өндіруші ел - құны;
жалпы құны.

Қосымша түрде айтарымыз, жүктің бір бөлігі оқиға орнынан уақытша сақтау үшін Шу ст.ЖІІБ-не көшірілген болатын, осыған байланысты мүліктің жоғалуына байланысты келтірілген зиян бойынша Шу ст.ЖІІБ-не жүгініп, жоғалған мүлік пен қол жүгі туралы ақпарат беруіңізді сұраймыз.  
   
Ескертпе - «Жолаушылар тасымалы» АҚ сайтына сәйкес тасымалдаушы құрған темір жол көлігіндегі сақтандыру жағдайы (тектері бойынша) туралы акт (бұдан әрі -Акт) және жол жүру құжатының көшірмесін алу үшін келесі мекенжайларға жүгіну қажет:
•    Алматы қаласында - «Кеңес беру орталығы», мекенжайы: Абылай хан даңғылы, 1, Алматы-2 темір жол вокзалының ғимараты, 2-қабат, Мәжіліс залы. Тел. 8 (727) 296-13-15;
•   Астана қаласында - Акт беруге жауапты, Балтабаева Әсемгүл Жұмабайқызы, РФ «Северный» сервистік қызмет көрсету жөніндегі сектордың бастығы, тел. 8 (775) 635-77-33, 8 (7172) 94-27-28.
•    Жол жүру құжаттарының көшірмелерін беруге жауапты, Риммер Марина Васильевна, РФ «Северный» жол жүру құжаттарын сату жөніндегі сектордың бастығы, тел. 8 (701) 611-50-97, 8 (7172) 93-27-06.


2.  «Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-на жүгінген кезде ұсынылатын құжаттар: 
•    тасымалдаушы құрған көліктегі сақтандыру жағдайы туралы акт;
•    сақтандыру төлемі туралы өтініш; 
•    жол жүру билеті немесе оны алмастыратын құжат (билет сату тізімдемесінің немесе тасымалдаушы куәландырған билет түбіртегінің көшірмесі) - егер жолаушыға билет берілген болса немесе куәлардың Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен рәсімделген түсініктемелері; 
•    денсаулық сақтау ұйымдарының уақытша жұмысқа жарамсыздық мерзімі туралы анықтамасының немесе мамандандырылған мекемелердің жәбірленушіге мүгедектік тағайындау туралы (егер тағайындалған болса) анықтамасының көшірмесі; 
•    жәбірленушінің жоғалған, жетіспейтін немесе зақымдалған (бүлінген) мүлігінің тізбесі - мүлікке зиян келтірілген жағдайда (бұл тізбе құжат түрінде - бүлінген/ жоғалған мүлікке берілген фискалдық чектермен, тауарлық чектермен, жүкқұжаттармен, инвойстармен, меншік құқығын растайтын құжаттармен, тауарлық жүкқұжаттармен және т.б. расталып, сондай-ақ тасымалдаушы құрған көліктегі сақтандыру жағдайы туралы актіге сәйкес келуі тиіс);   
•   сақтандыру жағдайы туындағанда зиян шегуге жол бермеу немесе зиянды азайту мақсатында сақтанушының (сақтандырылушының) көтерген шығындарын растайтын құжаттар - болған жағдайда. 

Назар аударыңыз:
•    амбулаториялық және/немесе стационарлық емделу шығындарының салыстырмалы түрде өтелуіне қатысты. Сақтандырылушы болып табылатын жәбірленушілерге аталған шығындар емдеу шығындарының мөлшерін растайтын құжаттар, тауарлық жүкқұжаттар жалғанған фискалдық чектер және сақтандырылушының аты-жөні, дәрмек/ қызмет түрінің атауы, құны, сатып алынған күні, тауар/қызметті ұсынған мекеме туралы ақпарат көрсетілген өзге де құжаттар ұсынылған жағдайда өтемделеді. Медициналық тауарлар мен қызметтер медициналық көмек көрсетуші немесе кеңес беруші дәрігердің тағайындамасына қатаң сәйкес келуі тиіс.
•   бүлінген мүлікке қатысты. Өтініштің негізінде бағалау жүргізіліп, соның нәтижесінде зиян мөлшері мен тиісінше сақтандыру төлемінің мөлшері анықталатын болады;
•   жоғалған мүлікке қатысты. Жоғалған мүліктің толық тізбесімен бірге Заңның 21-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, осы мүліктің өтініш иесіне тиесілілігін растайтын барлық құжаттар ұсынылуы тиіс. Мысалы, сатып алу құжаттары: фискалдық чектер; тауарлық жүкқұжаттар және т.б. (болған жағдайда) немесе өзге құжаттар /аксессуарлар: кепілдік талондары, қораптар, т.б.  

Қазіргі таңда сізге Компанияның құзыретті органдардың осы оқиға бойынша тергеу жүргізу барысына  мониторинг жасап отырғандығы, апаттың себептерін және осы оқыс оқиғаның туындауы үшін жауапты тұлғаларды айқындайтын түпкі құжаттың жақында қолға тиетіндігі жөнінде хабарлаймыз.           

Сонымен бірге сақтандыру жағдайы туралы өтінішпен Компанияның Қазақстан Республикасының 18 өңіріндегі қалаларында орналасқан филиалдарына (олар туралы ақпаратты "НСК" АҚ сайтынан ала аласыз) жүгінуге құқылы екеніңізді жеткіземіз. Сондай-ақ Компанияның Алматы қаласы Алмагүл шағын ауданы, 15 А мекенжайында (call орталығының тел. 258 18 00) орналасқан бас кеңсесіне келуге болады. Сақтандыру жағдайы туралы құжаттарды жинау және ұсыну туралы кеңестерді келесі мамандардан ала аласыз:
Мамутова Надира - ішкі тел. 1340;
Салимбаева Марал - ішкі тел. 1337;
Сапаров Ускен - ішкі тел. 1338. 
 

1. 04.10.2017 жылғы № 55249494 тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты.

2. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі № 444-II Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы (01.01.2018ж. өзгертіліп, толықтырылған)