РУС

«НСК Онлайн Дәрігері» жаңа өнімі

“Видеодоктор” жаңа қызметінің қосылуына байланысты «Сфера здоровья» өнімінің атауы «Онлайн НСК Дәрігері» деп өзгертілді. Жаңа қызмет дәрігермен смартфон, планшет немесе компьютер арқылы сөйлесу жолымен медициналық кеңестер алуға мүмкіндік береді. 
Қазақстандық нарыққа арналған бірегей өнім біздің сақтандыру компаниямыздың клиенттеріне жоғары сапалы шетелдік медицинаға қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Біздің Испанияның Барселона қаласындағы шетелдік әріптесіміз Sphera Global Health Care және жергілікті нарықтағы Бас серіктесіміз “Open Clinic” арқылы жоба сақтандырылушылардың барлығы үшін әрі түсінуге жеңіл, әрі пайдалануға қолжетімді бола түсті. Енді “Медициналық бағдарлау», “Екінші медициналық пікір” және “Арнайы бағалар бойынша емделуге сұрау салу” мәтіндік кеңес беру қызметтерінен басқа кәсіби біліктілігі жоғары шетелдік мамандармен ешқандай кезексіз, үйден шықпай-ақ, “Видео доктор” қызметінің көмегімен денсаулық жағдайы туралы кез-келген сұрақ бойынша кеңесу мүмкіндігі пайда болды.