Бүгінде «НСК» АҚ штатында 800 қызметкер мен 1200-ден астам сақтандыру агенттері жұмыс жасайды. Қазақстанның 15 қаласындағы 17 филиал сақтандыру шарттарын жасау кезінде де, сондай-ақ сақтандыру жағдайлары туындаған кезде де клиенттеріміздің жанында болуға мүмкіндік береді.
Мамандарды таңдау аумақтық белгісі бойынша емес, өз саласындағы мейлінше құзыреттілік қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Өсу мүмкіндіктері әр қызметкерге қай қалада тұратынына қарамастан тең беріледі.
Компания орынды амбицияларды әрдайым қолдап отырады. Қызметкерлердің өз идеяларымен және бизнес-жоспарларымен келіп, нәтижесінде жаңа басқармалардың, жобалардың басшыларына айналғанына талай рет куә болғанбыз. Компания «НСК» АҚ басқарушылық және әкімшілік лауазымдары үшін кадрлар резервін мансаптық өрлеуге ұмтылатын, кәсіби дағдылары және басқарушылық құзыреттілігі жоғары дәрежеде дамыған мамандар санатынан қалыптастыру жұмысын үздіксіз, жүйелі жүргізіп отырады.
Персонал құрылымы
Компанияның 2015 жылдың 31 желтоқсанына алғандағы тізімдік саны 772 адамды құрады. Қазіргі халықаралық зерттеулерге сәйкес сақтандыру саласындағы кадрлардың тұрақтамау нормасы – 30%. 2015 жылы кадрларымыздың тұрақтамау көрсеткіші небары 10% құрады.
Кадрлар әлеуетін дамыту
Персонал - Компанияның басты құндылығы және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде табысқа кенелу кепілі. «НСК» АҚ өз қызметкерлеріне тұрақты айлық жалақы және әлеуметтік қорғау топтамасын, мансаптық және кәсіби өрлеу мүмкіндіктерін ұсынады. Компания кадр дамыту және әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын үнемі жетілдіріп отырады.
Компания мамандарын бейімдеуге және дамытуға бағытталған тренингтер, бөлімшелер арасындағы футбол жарыстары және серіктес компаниялардың командаларымен сыртқы чемпионаттар өткізіліп тұрады. Дөңгелек үстелдер, директорлар слеты, дәстүрлі мерекелік корпоративтер ұйымдастырылып, солардың аясында басқарушы компания аумағына өңірлік бөлімшелердің үздік өкілдері жиналады.
Компания жұмысқа талантты мамандарды тартуға ынталы. Жас, талантты мамандарды жұмысқа тарту мақсатында компания жыл сайын бос орындар жәрмеңкелерін/ жоғары кәсіптік оқу орындарында тағылымдамалар ұйымдастырып, сондай-ақ тағылымданушылар мен машықтанушыларды еңбекке орналастыру мәселелері бойынша өзара әрекеттесіп отырады.
Еңбекті төлеу және персоналға жұмсалатын шығындар
Компаниядағы еңбек ақысының деңгейі еңбек нарығындағы орташа нарықтық деңгейге сәйкес келеді. Қызметкерлердің еңбек ақысы жеке тиімділікті ескере отырып, қайта қаралады. Қызметкерлердің жұмыс нәтижелері теңестірілген көрсеткіштер жүйесі негізінде бағаланады.
Компаниядағы персоналмен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі қызметкерлерді материалдық емес мотивациялау жүйесін жетілдіру болып табылады. Оның бағдарламаларының қатарына спорттық сайыстар, жұмыстан тыс ойын-сауық шаралары, корпоративтік басқосулар, корпоративтік киножорық, қызметкерлерді көпшілік алдында қолпаштау, алғыс хаттарымен марапаттау және басқа да шаралар кіреді.
«НСК» АҚ-да қызметкерлер үшін түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен төлемдер көзделген қағидалар мен нормалар қолданылады. Әлеуметтік топтамаға ерікті медициналық сақтандыру, жеңіл пайыз мөлшерлемесімен несие беру, ұялы байланысты төлеу, неке қию, сәбидің дүниеге келуі кезінде, мерейтойлық жасқа берілетін біржолғы төлемдер және басқа да ынталандырушы бағдарламалар енгізілген.