РУС

Мұнай операциялары

Ұңғыма бақылаудан шыққан кездегі ықтимал залалдарды өтейді және ұңғыманы бақылауды қалпына келтіру құралдары бар.


"Мұнай операциялары" сақтандыру ережелері жаңа редакция - (KAZ) (RUS) ,

Өтінім беру

Компанияның артықшылықтары

  • Түсінікті ережелер

    Қашан төлем алуға сүйенуге болатынын нақты айтып береміз

  • 20 жылдан асқан тәжірибе

    Біздің клиенттер 7300-ден астам түн бойы тыныш ұйықтауда.

  • Айқын қарым-қатынастар

    Біздің көмегіміз әрқашан
    жүгіне аласыз

  • Адал төлемдер

    Біздің компаниямыздың жұмысының
    негізі – адал төлемдер

«МСК» АҚ мұнай өндіруші компаниялардың тәуекелдерін сақтандыру саласындағы жұмыс жасау тәжірибесінің тарихы тереңнен тартылады. Компанияның тәуекелдерді халықаралық сенімді қайта сақтандыру ұйымдарына табыстау мүмкіндігі бар.

«МСК» АҚ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жер қойнауын пайдаланушыларға қоятын талаптарына сәйкес мұнай өндіруші компаниялар үшін тәуекелдерді сақтандыру қызметтерін ұсынады.

Тәуекелдер

Мұнайлы операцияларды кешенді сақтандыру ұңғыманың бақылаудан шығуы барысындағы шығындарды өтейді және ұңғыма бақылауын қайта қалпына келтіруге қажетті құралдарға, сондай-ақ келесі аталғандарды төлей алады:

  • Ұңғыма бақылауын қайта қалпына келтіру бойынша шығындар;
  • Ұңғымада өртті сөндіру бойынша шығындар;
  • Ұңғыманы мұнай атылуына дейінгі тереңдікке алғашқы бұрғылаудан екі есе қымбат болуы мүмкін қайта бұрғылау шығындары;
  • Мұнай атылу аумағы мен атылу салдарын тазалау шығындары. Бұл жағдайда операторлар/ұңғыма иелері қоршаған ортаны ластағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады.

Барлық сақтандыру бағдарламалары «МСК» АҚ мамандарымен әр корпоративтік клиент үшін жеке даярланады. Сонымен қатар жоғары деңгейлі сеніміділікке ие халықаралық брокерлер мен халықаралық қайта сақтандырушылардың қатысуы әбден мүмкін.

Мұнай мен газ ұңғымаларын пайдалану барысында келтірілуі мүмкін ең үлкен залал ұңғымадағы үрдістің бақылаудан шығуы мен бұрғылау ерітіндісі, мұнай, газ немесе судың жоспарланбаған тасқынымен байланысты.

Сондай-ақ мұнай компаниясының операциялық қызметімен байланысты – жер астындағы бақылаудан айырылу, ұңғыма бақылауынан айырылу қатерін алдын алу шығындары, ұлғайтылған қайта бұрғылау немесе ұңғыманы қайта қалпына келтіру шығындары, пайдалану бойынша шығындар мен т.б. кеңейтілген тәуекелдер қосымша сақтандырылуы мүмкін.

Артықшылықтары

  • Ең беделді қазақстандық және халықаралық рейтингтермен расталған сақтандыру қорғанысының сенімділігінің жоғары деңгейі.
  • Бірегей тәжірибе мен мұнай саласын сақтандыру ерекшеліктерімен хабардарлығы.
  • Мол филиалдар желісі.
  • Арнайы кешенді сақтандыру бағдарламаларын дайындау мен арнайы тарифтік саясат қолданылуы.
  • Рейтингтік компанияларда қайта сақтандыру мүмкіндігі.
  • Энергетикалық саланы сақтандыруда көпжылдық тәжірибе мен ірі мұнай компанияларымен серіктестік.

Біздің мамандар сіздің қаражатыңыз, міндеттеріңіз бен бизнесіңіздің ерекшелігін ескеретін, жеке сақтандыру бағдарламасын даярлайды.

Отправить заявку

Байланыс деректеріңізді қалдырсаңыз, біз компанияның таныстырылымын және жылдық есепті поштаңызға жөнелтеміз және сұрақтарыңызға жауап беру үшін сізге қайта қоңырау шаламыз.

Айгерим

сіздің сұрақтарыңызға жауап береді

+7
Captcha толтырылмаған
Бізге қоңырау шалу қолайлы ма?