Мүліктік сақтандырудың ең көне түрлерінің біріне жүк сақтандыруы жатады. Тауар/жүк тасымалын қамтитын ірі мәміле сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етпей жасалуы мүмкін екеніне сену қиын.
«МСК» АҚ Қазақстанның ішінде де, жақын әрі алыс шетелде жұмыс істейтін жүктасымалдаушыларымен жұмыс істеуде айтулы тәжірибесі бар.
Республиканың барлық әкімшілік орталықтарындағы филиалдық желі Қазақстанның кез келген өңірінде сақтандыруға жүк қабылдауға мүмкіндік береді. Корпоративтік клиенттерге Қосымша құжаттама ресімдеуде шапшаңдық, мөлшерлемені азайту, қажет болған жағдайда апаттық комиссарлар қызметі өкілінің жүкті түсіруде қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, сақтандыру компаниясы сюрвейерлер қызметі арқылы залалды тәуелсіз бағалау жұмыстарын ұйымдастырады.
Жүкті сақтандырудың өзектілігі
- Сіздің жер бетіндегі, су немесе ауа арқылы жүк тасымалыңызбен байланысты мүліктік мүдделеріңізді қорғау.
- Жүкті тасымалдау барысында жүктің ішінара немесе толық опат болу тәуекелдерінің (техногендік, табиғи, үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері) болуы.
«МСК» АҚ 2012 жылдан бері осы ұйым мүшелеріне арнайы шарттар ұсына отырып, Қазақстанның жүк тасымалдаушылар Ассоциациясының мүшесіне айналды, сондай-ақ үлкен тәуекелдерді сенімді шетелдік қайта сақтандыру ұйымдарында қайта сақтандыра отырып, RFIB халықаралық брокерімен белсенді серіктестікте.
Артықшылықтары
- Жүктерді сақтандыруға өтініш берудің оңайлатылған тәртібі
- Қазақстанның ең ірі тасымалдау және экспедиторлық компанияларымен серіктестік.
- Көліктік-жүктік сатандыру саласында 12 жылдық тәжірибе.
- «МСК» АҚ - Қазақстанның барлық сақтандыру компанияларының арасында жүктерді сақтандырудағы төлемдер көлемі бойынша көшбасшы.
- Сақтандыру өтемақысы төлемі бойынша ең жылдам. Біз қажетті құжаттар тізімі мен шығындарды реттеу барысында оларды ұсыну тәртібін егжей-тегжейлі ұйымдастырдық.
- Облигаторлық қайта сақтандыру шартының көлемі бір тасымал үшін 300 млн. теңге, бұл сақтандырудың оңтайлы шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.
- Орасан зор халықаралық қайта сақтандыру компанияларымен қамтамасыз етілген ұтымды сақтандыру қорғанысы.