Келісім-шарт бірнеше кезеңді қамтиды: техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуден құрылыс нысанын пайдалануға беру сатысына дейін
Тәуекелдер
Құрылыс-монтаж тәуекелдерін сақтандырудағы сақтандыру жағдайы —бұл белгілі бір туындау ықтималдығына ие келесі оқиғалар салдарынан залалдың келуі:
- өрт, жарылыс, найзағай түсуі, ұшу аппараттарының құлауы;
- құйын, сұрапыл дауыл, боран, тайфун;
- қар көшкіні, сел;
- су басу, тасқын су, нөсер;
- опырылу, топырақтың көшуі, шөгуі, жер асты суларының көтерілуі;
- жер сілкінісі;
- үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері, соның ішінде жымқыру;
- инженерлік желілердегі (су құбыры, канализация, жылу құбырлары, электрмен жабдықтау) авариялар;
- монтаж кезіндегі қателер;
- жылжымалы құрылыс техникасының түйісуі немесе соқтығуы нәтижесінде сақтандырылған объектінің құлауы немесе бүлінуі;
- объектінің бұзылуы немесе бүлінуі, соның ішінде опырылған немесе құлаған бөліктермен.
Сақтандыру компаниясының басты міндеті — объектілердің құрылысы кезінде туындаған алдын-ала болжанбаған және күтпеген шығынды өтеу, сонымен қатар құрылысқа салынған қаржы салымдарын қорғау.
Сақтандыру объектілері
- құрылыс жұмыстары, соның ішінде құрылыс материалдары мен конструкциялар, жалақы төлеу шығындары, тасымалдау шығындары, кеден алымдары мен баж салықтары, сондай-ақ тапсырыс беруші жеткізетін құрылыс элементтері мен материалдары.
- монтаж жұмыстары, соның ішінде монтаждалатын жабдық, жалақы төлеу шығындары, тасымалдау шығындары, кеден алымдары мен баж салықтары, сондай-ақ тапсырыс беруші ұсынатын материалдар, жабдықтар мен қызметтер.
- сақтандыру шартына жалғанатын тізімге сәйкес құрылыс алаңындағы мүлік (уақытша ғимараттар мен құрылыстар, қойма жайлары, құрылыс сатылары, инженерлік коммуникациялар, құрылыс машиналары мен жабдық).
- шартта көрсетілген сақтандыру аумағын сақтандыру жағдайы нәтижесінде бүлінген мүлік қалдықтарынан тазарту шығындары.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу барысында үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілікті сақтандыру кезінде:
- сақтандыру шартында көрсетілген құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлкіне зиян келуі.
47,8 млн. теңге — 2015 жылдағы осы сақтандыру түрі бойынша сыйақы көлемі.
Сақтанушының төмендегі жайттар салдарынан келтірілген зиянға қатысты іске қосылғаннан кейінгі кепілдік міндеттемелері:
- кепілді пайдалану кезеңінде белгілі болған, құрылыс-монтаж және іске қосу-жөндеу операцияларын жүргізу кезінде орын алған қателіктер;
- сақтанушының кепілді міндеттемелерін орындауы кезінде орын алған қателіктер.
Артықшылықтары
- Халықаралық рейтингіжәне клиенттерге қызмет көрсету деңгейі жоғары сақтандыру компаниясы.
- Сапалы сервис.
- Шартты жедел жасау.
- Сақтандырудың икемді шарттары.
- Сенімді қайтасақтандыру қорғанышы.
- Клиенттер алдындағыміндеттемелерді тезәрі мүлтіксізорындау.
- Сақтандыру шартынқұрылыс мерзімінетеңдес мерзімге жасау мүмкіндігі.