Мүлікті дәстүрлі сақтандыру
100 000 астам қазақстандықтар бізге өз пәтерлерін, үйлерін және саяжайларын сеніп тапсырды. Өрт, су басу, тонаушылар немесе табиғи апат — МСК-мен бұл мәселелер енді қорқынышты емес. Өз мүлкіңізді МСК сақтандыру бағдарламасымен бірге қоғаңыз
"Мүлікті дәстүрлі сақтандыру" сақтандыру ережелері жаңа редакция - (KAZ) (RUS) ,
Есептеу және рәсімдеуБіздің артықшылықтарымыз
-
Аса жедел және қолайлы сақтандыру төлемдері
-
Ай сайын төлеу мүмкіндігі
-
Көршілер алдындағы жауапкершілікті сақтандыру мүмкіндігі
-
Сақтандыру объектілерінің мейлінше ауқымды таңдауы
-
Мейлінше аз құжаттармен тез рәсімдеу
100 000 астам қазақстандықтар бізге өз пәтерлерін, үйлерін және саяжайларын сеніп тапсырды.
Есептеу және рәсімдеу
Жиі қойылатын сұрақтар
При наступлении СС необходимо:
- Предпринять все необходимые меры для выяснения причин, хода и последствий СС;
- Незамедлительно вызвать представителя страховой компании (аварийного комиссара) на место СС;
- Не позднее 24 часов сообщить о случившемся в соответствующие уполномоченные органы в письменной или иной законной форме;
- Не позднее 3х рабочих дней в письменной форме сообщить о случившемся страховщику.
Пәтердің /тұрғызылымның құрастырылымдық элементтері (аялдама кешендерін қоспағанда, жерге мықтап бекітілетін, жылжымайтын мүлікке жататын құрылымдар мен өзге де құрылыстар), соның ішінде терезе және есік құрастырылымдары (бөлме аралықтарын қоспағанда), электр сымдары, жылу, су, канализация, газ жүйелерінің құбырлары.
Құрылыс өңдемесі, атап айтқанда сылау және сырлау жұмыстарының барлық түрлері, соның ішінде илеу жұмыстары; қабырғаларды, төбені, еденді жабындау, бөлме аралық есік құрастырылымдары, соның ішінде әйнектеу, бөлмеаралық терезе құрастырылымдары; кіріктірілген жиһаз
Техникалық жабдық: жылу (соның ішінде еденді, төбені, қабырғалардың жылу жүйелері), бақылау және күзету (соның ішінде камералар, домофондар), ауаны желдету, баптау, сумен жабдықтау (соның ішінде бітеу құрылғылары, раковиналар, ванналар, душ кабиналары, т.б.), канализация (соның ішінде әжетхана бөлмелеріне арналған сантехникалық жабдық), қалдықтарды төгу (қоқыс құбыры), газбен жабдықтау (соның ішінде арматура, газ бағандары, плиталар), электрмен қоректендіру, соның ішінде әлсіз токты (антенна, телефон, сигнал бергіштер, радио және т.б.) жүйелері, өзге де жабдықтар.
Тұрмыстық және жеке қажеттілік құралдары: жиһаз, интерьер бөліктері, шаруашылық керек-жарақтары, т.б. Үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершілік: сақтандырылған мүлікті пайдалану кезінде судан зардап шегу нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтірілгенде.
Сақтандырылатын жылжымайтын мүліктің салынған жылы 1960 жылдан ескі болмауы тиіс.
Сақтандыру объектілері орналасқан жылжымайтын мүлікті сақтандырып алмай, жылжитын мүлікті сақтандыруға тыйым салынады.
Мүлікті келесі тәуекелдерден сақтандыруға болады:
- Өрт және түтін, газдың жарылуы;
- Судан және басқа сұйықтық салдарынан бүліну;
- Табиғат апаттары (жер сілкінісін қоспағанда);
- Ұшқыш басқаратын ұшу аппараттарының, ағаштардың немесе бөгде объект денелерінің құлауы;
- Құрлықтағы КҚ немесе өздігінен жүретін машиналардың адамды қағып кетуі, соғылуы, түйісуі;
- Үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы қылықтары – қарақшылық, бұзақылық, вандализм;
- Ұрлық, тонау;
- Үшінші тұлғалар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілік.
Мүлікті сақтандырудың стандартты шарты 12 айға сақтандыруды көздейді.
Жалға алушы өзінің жалға алған мүлкін сақтандыруға құқылы. Бұл жағдайда пайда алушы болып осы мүліктің меншік иесі танылады.
Мүлікті ЕС шартын жасау үшін қажетті құжаттар:
- ЖСН көрсетілген жеке куәлік (төлқұжат) немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік;
- сауалнама-өтініш (компания кеңсесінде толтырылады);
- сақтандырылған мүлікті қарау және бағалау акті;
- Сақтанушының жылжымайтын мүлік объектісіне меншік құқығын растайтын құжатының көшірмесі немесе жылжымайтын мүлікті жалға беру шарты.