Сақтандыру Қазақстан Республикасының «Үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіпі бар объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 12.07.2004 ж. №580 заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіпі бар объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру объектісі — бұл объекті иесінің, қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты болған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өмірге, денсаулыққа және (немесе) үшінші тұлғалардың мүлкіне зиян келтірілген жағдайда, оны өтеу міндеттемесімен байланысты мүліктік мүдде болып табылады.
Қауіпті объектілерді сақтандыру міндетті!
Үшінші тұлғаларға зиян келтіру қауіпі бар объектілерді пайдалануға, оларды пайдалану бойынша сақтандыру келісімшарты жасалмаған жағдайда, тыйым салынады.
Сақтандыру жағдайы қандай?
Сақтандыру жағдайы — объектідегі апат немесе инцидент, оның нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіру фактісі болып табылады.
Сақтандыру мерзімі
Қауіпті объектілер иелерінің міндетті сақтандыру полисі 12 айға жасалады. Егер объектінің қызметі 12 айдан кем мерзімге жүзеге асырылса, сақтандыру полисі қызмет көрсету мерзіміне, бірақ кемінде 6 айға жасалады.
Сақтандыру қорғауының аумағы
Қазақстан Республикасының аумағы.