Жазатайым оқиғалардан сақтандыру
Ересектер мен балаларға арналған тәулік бойы қорғау —жазатайым оқиға салдарынан орын алған емдеу шығындарын өтемдейміз.
"Жазатайым оқиғалардан сақтандыру" сақтандыру ережелері жаңа редакция - (KAZ) (RUS) , жарақаттар кестесі - (KAZ) (RUS)
Есептеу және рәсімдеуБіздің артықшылықтарымыз
-
Шарттың қолданылу мерзімі 1 күннен бастап 1 жылға дейін
-
Кез-келген мемлекет аумағында қорғау
-
Жоғары сақтандыру сомалары, 5 000 000 теңгеге дейі
-
Бастапқы медициналық байқаусыз шарт жасау
Дене жарақаты, мүгедектік, қайтыс болу жағдайларындағы залалдың орнын толтырамыз.
Есептеу және рәсімдеу
Жиі қойылатын сұрақтар
ЖО сақтандыру шарты 1 (бір) күннен бастап 12 айға дейінгі мерзімге жасалады.
ЖО сақтандыру шарты сақтандыру сыйақысы төленген күннен кейінгі күннен бастап күшіне енеді. Сонымен бірге сақтандыру сыйақысын немесе сақтандыру жарнасын төлеген күн Сақтандырушының банк шотына ақша түскен күн болып саналады.
- Сақтанушы Сауалнама-өтініш толтыруы тиіс.
- Жеке куәлік/ Сақтанушының (жеке тұлға) төлқұжаты.
- Құқық белгілеуші құжаттар (егер Сақтанушы заңды тұлға болса болса).
- 16 бастап 65 жасқа дейінгі тұлғалар үшін -Сақтандырылушы жеке куәлігінің (төлқұжат) түпнұсқасы (көшірмесі).
- 1 бастап 16 жасқа дейінгі тұлғалар үшін -Сақтандырылушы төлқұжатының (туу туралы куәлік) түпнұсқасы (көшірмесі).
- Көлік құралын пайдаланумен байланысты тәуекелдерді сақтандыру үшін - көлік құралын тіркеу туралы куәлік.
Жазатайым оқиғалардан сақтандырылмайтындар:
65 жасқа толған тұлғалар (Шарт жасау сәтінде), бір жасқа толмаған сәбилер, мүгедектер немесе созылмалы аурулармен ауыратын адамдар, ВИЧ – инфекция жұқтырған, маскүнемдікке салынған адамдар.
Түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатырғандар, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтен, әскери жиындардан, т.б. өту үшін әскерге шақырылғандар сақтандырылмайды.
Шартты Сақтандырушыға бұзу күнінен кем дегенде 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын міндетті түрде жазбаша хабарлама жолдау арқылы мерзімінен бұрын бұзуға болады.