РУС

Компания туралы / «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысында дауыс беру нәтижелері туралы хаттама.

Акционерлік қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Бараев көш., 15;

Акционерлердің жалпы жиналысының өтетін күні, уақыты және орны: 23 маусым 2017 жыл; сағ.11; Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қабанбай батыр көш., 186.

Деректемелері: салық төлеушінің тіркеу нөмірі 031400099981, "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамындағы жеке сәйкестендіру нөмірі KZ44926180219F242000, банк сәйкестендіру нөмірі 960440000716:

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер

Шешімдер

Дауыс беру қорытындысы

Қоғамның 2016 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы.

Қоғамның 2016 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін

«Жақтағандар» - 1 497 805, «Қарсы болғандар» - жоқ, «Қалыс қалғандар» - жоқ.

Қоғамның 2016 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін және Қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту туралы.

 

Қоғамның 2016 жылғы қызметі кезеңінде түзілген 2016 жылдың 31 желтоқсанына алғанда 600 000 000 (алты жүз миллион) теңге мөлшеріндегі таза кірісі осы Хаттаманың №1 қосымшасына сәйкес тәртіппен бөлінсін. Дивиденд төлеу нысаны «ақшалай» деп анықталсын. Дивиденд мөлшері 1 (бір) жай акцияға есептегенде 400 (төрт жүз) теңге болып бекітілсін. Дивиденд төлеу жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 90 күннен кешіктірмей жүзеге асырылсын.

«Жақтағандар» - 1 497 805, «Қарсы болғандар» - жоқ, «Қалыс қалғандар» - жоқ.

Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты шағымдарын қарау және оларды қарау нәтижелері туралы.

Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты шағымдары жоқ екені туралы ақпарат қаперге алынсын.

«Жақтағандар» - 1 497 805, «Қарсы болғандар» - жоқ, «Қалыс қалғандар» - жоқ.

Қоғамның жаңа өңделген Жарғысын бекіту туралы.

Қоғамның жаңа өңделген Жарғысы осы Хаттаманың №3 қосымшасына сәйкес бекітілсін. Осыған байланысты Қоғамның Басқарма Төрағасы Ж.К.Альжановқа Жарғыға қол қою және қабылданған шешімге сәйкес барлық қажетті шараларды жүргізу өкілеттігі берілсін.

«Жақтағандар» - 1 497 805, «Қарсы болғандар» - жоқ, «Қалыс қалғандар» - жоқ.

Қоғамның жаңа өңделген Директорлар кеңесі туралы қағидасын бекіту туралы.

мҚоғамның жаңа өңделген Директорлар кеңесі туралы қағидасы осы Хаттаманың №4 қосымшасына сәйкес бекітілсін. Қоғамның Басқарма Төрағасы Ж.К.Альжанов қабылданған шешімге сәйкес барлық қажетті шараларды жүргізсін.

«Жақтағандар» - 1 497 805, «Қарсы болғандар» - жоқ, «Қалыс қалғандар» - жоқ.

Қоғамның Директорлар кеңесі өкілеттіктерінің мерзімін анықтау туралы.

Директорлар кеңесінің қазіргі құрамының өкілеттіктерінің мерзімі 2017 жылдың 01 шілдесінен 2020 жылдың 30 маусымына дейін белгіленсін.

 

«Жақтағандар» - 1 497 805, «Қарсы болғандар» - жоқ, «Қалыс қалғандар» - жоқ.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның Директорлар кеңесі Төрағасына біржолғы сыйақы (бонус) төлеу мөлшерін бекіту туралы.

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның Директорлар кеңесі Төрағасына біржолғы сыйақы (бонус) төлеу мөлшері және шарттары Қоғамның Директорлар кеңесі ұсынған шарттармен бекітілсін. Осыған байланысты бұл ақпарат осы Хаттаманың №2 қосымшасында ұсынылды.

«Жақтағандар» - 1 497 805, «Қарсы болғандар» - жоқ, «Қалыс қалғандар» - жоқ.

Қоғам акционерлеріне 2016 жыл қорытындысы бойынша  Қоғамның атқарушы органының  Төрағасы мен мүшелеріне сыйақы (бонус) төлеу мөлшері және құрамы туралы ақпарат беру.

Қоғамның атқарушы органының  Төрағасы мен мүшелеріне сыйақы (бонус) төлеу мөлшері және құрамы туралы ақпарат осы Хаттаманың №2 қосымшасына сәйкес қаперге алынсын.

«Жақтағандар» - 1 497 805, «Қарсы болғандар» - жоқ, «Қалыс қалғандар» - жоқ.