РУС

Компания туралы / «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы акционерлерінің Жылдық жалпы жиналысында дауыс беру нәтижелері туралы хаттама.

Акционерлік қоғамның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Бараев көш., 15;

Акционерлердің жалпы жиналысының өтетін күні, уақыты және орны: 28 мамыр 2018 жыл; сағ.11; Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмагүл шағын ауданы, 15 А-үй.

Деректемелері:Салық төлеушіні тіркеу нөмірі 031400099981
Жеке сәйкестендіру нөмірі KZ44926180219F242000
«Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамындағы
Банк сәйкестендіру нөмірі 960440000716

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне енгізілген мәселелер

Шешімдер

Дауыс беру қорытындысы

Қоғамның 2017 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы

Қоғамның 2017 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін.

«Жақтағандар» – 4 дауыс;
«Қарсы болғандар» – жоқ;
«Қалыс қалғандар" – жоқ.

1) Қоғамның 2017 жылғы таза кірісін бөлу тәртібін және Қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшерін бекіту туралы

 

2017 жылғы таза кіріс бөліске түспесін, бір жай акцияға есептелген дивиденд мөлшері белгіленбесін.

«Жақтағандар» – 4 дауыс;
«Қарсы болғандар» – жоқ;
«Қалыс қалғандар" – жоқ.

Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты шағымдарын қарау және оларды қарау нәтижелері туралы. Осы мәселе аясында сонымен қатар «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының акционерлеріне Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне 2017 жыл қорытындысы бойынша сыйақы төлеу мөлшері мен құрамы туралы ақпарат беру мәселесі қаралды.

Дауыс беруге келесі шешім ұсынылды:

1. Акционерлердің Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне қатысты шағымдары жоқ екені туралы ақпарат қаперге алынсын.

2. «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелеріне 2017 жыл қорытындысы бойынша сыйақы төлеу мөлшері мен құрамы туралы ақпарат қаперге алынсын.

«Жақтағандар» – 4 дауыс;
«Қарсы болғандар» – жоқ;
«Қалыс қалғандар" – жоқ.

Қоғамның жаңа өңделген Директорлар кеңесі туралы қағидасын бекіту туралы.

Қоғамның жаңа өңделген Директорлар кеңесі туралы қағидасы бекітілсін. Қоғамның Басқарма Төрағасы Ж.К.Альжанов осы қабылданған шешімге қатысты барлық тиісті шараларды жүргізсін.

«Жақтағандар» – 4 дауыс;
«Қарсы болғандар» – жоқ;
«Қалыс қалғандар" – жоқ.

Саркисов Сергей Эдуардовичтің өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына және Директорлар кеңесіне басқа мүше сайлау қажеттілігіне байланысты Директорлар кеңесі құрамын өзгерту туралы.

Директорлар кеңесінің мүшесі Саркисов Сергей Эдуардовичтің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

Директорлар кеңесінің мүшелігіне өкілеттіктері жалпы Директорлар кеңесінің өкілеттіктерімен бір уақытта тоқтайтын Савельев Андрей Сергеевич сайлансын.

«Жақтағандар» – 770 584  (жеті жүз жетпіс мың бес жүз сексен төрт) дауыс, Қоғамның дауыс беруші акциялары;
«Қарсы болғандар» - жоқ;
«Қалыс қалғандар" -жоқ.

Шешім кумулятивті дауыс беру арқылы бір ауыздан қабылданды.